COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Біреуі жүкті, Алматыда 15 медицина қызметкері коронвирус жұқтырып алған
Аtr.kz/13 сәуір, 2020 жыл. «Алматыда 12 сәуірде COVID-19 вирусын жұқтырған 15 медицина маманы анықталды, олардың қатарында бір жүкті әйел бар» деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Соңғы екі күннің ішінде ел бойынша қауіпті вирусты жұқтырып алған 27 медицина қызметкері тіркеліп отыр.
Олардың қатарында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері және т. б. мамандар бар.
Полисегментарлық пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.
Бұған дейін Атырауда үш медициналық қызметкердің қауіпті дертке шалдыққаны хабарланған еді.