Жарнама
Жаңалықтар

Бір түнде 22 аула құрғатылды

Өңірдегі жауын суын сору жұмыстары «Атырау» шағынауданындағы тұрғын үйлерде жалғасуда.

«109» бірыңғай байланыс нөмірі арқылы түскен шақырту бойынша Ермек Дүтбаев, Бурабай көшелеріндегі үйлерге біз де барып қайттық. Тұрғындардың айтуынша, әкімдіктен бөлінген арнайы техника — вакуумдер бұл жерде үш күн қатарынан жауын суын тазарту жұмыстарын жүргізуде.

— Ауладағы шалшық судан аяқ алып жүре алмай қалдық. Екі күн бұрын «109» арқылы өтінім бергенімізбен, арнайы техника біздің мекенжайға бүгін жетті. Таңертеңнен бері 4 рейс жасалды, қазір де су сорылып жатыр, — дейді «Атырау» шағынауданының тұрғыны.
Құзырлы мекеме өкілдерінің айтуынша, қалада бүгін түннен бері 22 тұрғын үйдің ауласы құрғатылыпты.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button