Аптап ыстықта күннің астына жұмыртқа қуырған атыраулық желіні шулатты

img 20210625 wa0065 Жаңалықтар

Атыраулық тұрғын аптап ыстықта далаға жұмыртқа қуырып, эксперимент жасады, деп хабарлайды Atr.kz.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбада көрсетілгендей, атыраулық тұрғын күннің ыстығын көрсету үшін ерекше тәжірибе жасап, далада жұмыртқа қуырған сәтімен бөліскен.

«Мына аптап ыстықта 10 немесе 15 минутта есік алдындағы кафельге табаны қойып, жұмыртқа пісіруге болады екен», – деп әзілдейді Нұртілек есімді эксперимент авторы.

Айта кетейік, Атырауда Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға аптап ыстық туралы ескерту жариялаған болатын.

img 20210625 wa0067 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз