Жарнама
Жаңалықтар

Бір топ азамат Атырау облысының Құрметті азаматы атанды

Бүгін Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

 Облыс әкімі Серік Шәпкенов өңірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына үлес қосқан бір топ азаматтарды мәртебелі марапатпен құттықтап, ел алдындағы еңбектері өлшеусіз екенін атап өтті.

Елеулі еңбектерімен ел құрметіне бөленгендер қатарында баспасөз саласының ардагерлері Өтепберген Әлімгерейұлы мен Карим Бақриденов бар. Сондай-ақ еңбек майталмандары Асхат Иманғалиев, Ұзаққали Елеубаев, Қайырғали Мырзабаев және Амангелді Құлбатыровқа мәртебелі атақтың төсбелгілері табысталды.

Шарада жыл қорытындысы бойынша Нұрлан Қайырденов «Жыл депутаты», Гүлназ Қосмурзиева«Жылдың үздік депутаты», Эльмира Сапарова «Жылдың белсенді депутаты» атанды.

img 4152

Жиын соңы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Майра ЕРҒАЛИ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button