Бір күнде бір жарым тонна ет сатылды (+ФОТО)

50681723 750775021971650 4203698777103532032 n Жаңалықтар

Атыраудағы Сарайшық коммуналдық базарында өткен жәрмеңкеде бір жарым тонна ет сатылды.

50681723_750775021971650_4203698777103532032_n

50692531_750774981971654_6049054196206927872_n(1)

Өткен сенбіде Индер ауданындағы фермерлер өздерінің ауыл шаруашылық өнімдерін Атырау тұрғындарына ұсынды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Облыстың барлық өңірлерінен өндірушілердің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі жалғасуда. Өткен сенбіде, 26 қаңтарда Индер ауданының 10 шаруа қожалығы «Сарайшық» коммуналдық базарында ет өнімдерін ұсынды.

50874059_750774895304996_5500104517615616000_n

50910840_750774828638336_1917781873522638848_n(1)

– Ауыл фермерлері жәрмеңкеге бір жарым тонна ет әкелді – 1070 кг сиыр еті, 310 кг қой мен 150 кг жылқы еті. Барлық өнімдер 1 күн ішінде сатылды. Сиыр мен қой еті осы күні 1300 – 1500 тг / кг, жылқы еті 1500 тг / кг-нан сатып алынды, дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Давлетов.

50949505_750774868638332_2363085568830603264_n(1)

51087991_750774931971659_1538809648839131136_n(1)

Жәрмеңке барысында 5 көтерме жеткізуші азық-түлік және көкөніс өнімдерін нарық бағасынан 15% -20% -ға төмен бағамен сатты, ал екі шаруа қожалығы «Алмалы құс» және «Бақай құс» жұмыртқа сатты. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін сенбі күні Привокзальный және Тұрғындар қалашығы шағын аудандарынан Сарайшық қалалық базарына дейін екі жолаушы автобусы жұмылдырылды. Жол ақысы 80 теңгені құрады. Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 19 қаңтарынан 3 наурызына дейін Атырау облысының барлық аудандарынан өндірушілердің қатысуымен Сарайшық қалалық базарында жәрмеңкелер өтеді. 2 ақпанда Қызылқоға ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін, 9 ақпан – Құрманғазы ауданының фермерлері, 16 ақпан – Исатай ауданының шаруа қожалықтары, 23 ақпан – Махамбет ауданы, 2 наурыз – Мақат ауданы жәрменке ұйымдастыратын болады.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз