Бір баласы барлар да 21 мың теңгені алады (+ ВИДЕО)
Atr.kz/ 27 наурыз, 2019 жыл. Аз қамтылған отбасылардың кірісін санау кезінде жәрдемақының 4 түрі есептелмейтін болады, деп хабарлайды Zakon.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Мәжілістің пленарлық отырысында мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светалана Жақыпова айтты.
– Президенттің тапсырмасымен осы мәселе қаралып жатыр. Жәрдемақының 4 түрі есептелмеуі мүмкін. Ол – көпбалалы отбасыларға, «Алтын» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін мемлекеттік жәрдемақы және мүгедек балаға қарастырылған төлем. Және шәкіртақы да кіріске жатпайтын болады, деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
Сәуірден бастап 832 мың көпбалалы және аз қамтылған азаматтарға берілетін жәрдемақы үшін биыл бюджеттен 94 млрд теңге қарастырылған. Төлемді күнкөрісі қиын отбасылар алады. Вице-министр азаматтар мемлекеттік жәрдемақыға иек артып, масылдыққа жол бермейді деп санайды. Дегенмен, олай болса, жұмысқа қабілетті азаматтың отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды. Олар ұсынылған жұмыстан бірінші рет бас тартса, төлемнің 50 пайызынан, ал екінші рет жәрдемақыдан мүлде қағылады. Бірақ, әр балаға берілетін жәрдемақы төлене береді.
– Егер жалғызбасты ана 4 бала өзі бағып отырса, балалары 20 789 теңгеден алады. Өзі балаға күтім жасап отыр ғой, ол анаға да 20 789 теңге төленеді. Жалғызбасты ана бір баламен отырса, екеуіне де 20 789 теңгеден төленеді, – деп қосты министрдің орынбасары.