Бір айдың ішінде 150-ден астам шетелдік автокөлік уақытша тіркеуге қойылды

5598600e 013f 416f 88f1 bd22ce04c123 Жаңалықтар

Еуроодақтан транзит арқылы елге кірген көліктерге кедендік тазалау  жасалғаннан кейін он күн ішінде толықтай утилалым мен бастапқы алымдарын  төлеп, автокөлікті есепке қоюға міндетті. Бұл туралы Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы Процессингтік орталығының бастығы, полиция майоры Жеңіс Дәулетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып өтті.

Айта кетелік, шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастыру аясында облыс бойынша 14 мыңдай темір тұлпар есепке алынған болатын. Ішкі істер министрлігі 17 шілдеден бастап бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған немесе шектеулерге байланысты заңдастырылмаған, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстанға әкелінген автокөліктерді бес жылға уақытша тіркеудің басталғаны белгілі. Облыста еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде тіркеуде тұрған проблемалық автокөліктерді уақытша тіркеу басталғалы 1000-нан астам өтініш түссе, оның 150-і  оң нәтижелі болып, ақ нөмірге ие болыпты. Қалғаны қарастырылу үстінде екен. 

– Көп адам елге 1 қыркүйектен кейін елге кіргізілген темір тұлпарларын құжаттарын тапсырып кетеді. Алайда, сақтандыру полистен және шекара қызметінен тексерген кезде ешқандай мәлімет таба алмаймыз. Ондай автокөліктерді әрі қарай реттеуге жібермей, қосымша тексерудеміз, дейді Жеңіс Бақтыгерейұлы.

 Ал, 1 қыркүйектен кейін әкелінген шетелдік автомобильдерге қатысты пікір білдірген Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Процессингтік орталығының бастығы, полиция майоры Жеңіс Дәулетов олардың міндетті автосақтандыру полисін рәсімдей алмайтынын жеткізді. Сондай-ақ 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінсе де заңдастырылмаған шетелдік автомобильдер автосақтандыру полисін ұзарта алмайтынын айтып берді.

Рита Өтеуғали

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз