Бір айда – 50 қылмыстық іс
Атырау облысында «Бекіре-2024» балық қорғау акциясы басталғалы бері бір айда
табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 533 дерегі тіркелді. Бұл туралы «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы Олег Тушканов хабарлады.
–Есепті мерзімде браконьерлік және қоры азайған, жоғалып кету
қаупінде тұрған балық түрлеріне заңсыз қол сұғушылық фактілеріне қатысты 50
қылмыстық іс қозғалды. Басқалай да құқық бұзушылықтар бойынша айыпты деп танылған 386 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 11,6 млн. теңгені құрады, — деді инспекция өкілі.
Айта кету керек, есепті мерзімде жүзеге асырылған жедел-профилактикалық
іс-шаралардың нәтижесінде жалпы салмағы 9,8 тоннаға жуықтайтын «су
маржаны», оның ішінде 1,4 800 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық, 6 келінің
үстінде қара уылдырық, 82 бірлік аулау құралы мен 25 су көлігі тәркіленіпті.
Сонымен қатар, осы кезеңде өзен арнасы мен теңіз атырабындағы табиғи су
қоймаларынан жалпы ұзындығы 266 шақырымды құрайтын 797 балық аулау
құралы тәркіленіп, тиісті шарасы алынған.
Дәулетқали АРУЕВ