Жарнама
Жаңалықтар

BINOMNEWS медиа академиясының оқушылары республикалық байқауда топ жарды

Атырау қаласындағы BINOMNEWS медиа академиясының оқушылары алғашқы рет қатысқан республикалық деңгейдегі байқауда топ жарды.

img 7726

КТК компаниясының демеушілігімен ұйымдастырылған «Жас толқын» республикалық балалар байқауында медиа академия шәкірті Айша Серік бас жүлдені жеңіп алса, Нұрай Сағатжанова мен Ясмин Алматқызы І орынды иеленді.

img 7727

Аталған жобаға медиа академияның өкілдері Гүлназ Кәрімжан мен Айнагүл Қалбаева жетекшілік етті. Олар байқауға оқушыларымен бірлесіп «Әлеуметтік видео» бағыты бойынша креативті жоба дайындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.

b7208baf 8deb 48c0 9b9a 57ea4053005b

– Бұл – біздің алғашқы байқауымыз әрі алғашқы үлкен жеңісіміз. Еңбектің наны тәтті екеніне тағы бір көз жетті. Қуанышымызда шек жоқ, – дейді медиаакадемия өкілдері.

Айта кету керек, «Жас толқын» байқауының алғашқы кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық бала қатысса, екінші кезеңге 350 үміткер өткен. Олардың арасынан суырылып шыққан BINOMNEWS медиа академиясының шәкірттерінің жетістігі – тың жобалармен шұғылданып жүрген жас медиа буынның әлеуетінің жоғары екенін айқындай түсті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button