Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Білім беру үрдісі бір орында тұрмайды

Жетінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ертеңі үшін бірқатар салаға басымдық беру қажеттігін атап тті. Солардың ішінде білім беру саласы зор маңызға ие.

П р е з и д е н т ө з с ө з і н д е Парламентке бірнеше ұсыныс жолдады. Соның ішінде болашақта қ а б ы л д а н ат ы н з а ң д а р д ы ң маңыздылығы айтылды. Бұл қатарда «Жастар саясаты мен волонтерлік қызмет» туралы жəне басқа да заң жобалары бар. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – талапты жастардың түйіскен ордасы.

Сондықтан, ұстаздар қауымы, əркез шəкірттердің тек білім-білімін шыңдап қана қоймай, түрлі тілдерді еркін меңгерген, туған жердің таутасы мен сай-саласын, əдет-ғұрпы мен салт-санасын жүрегімен жақсы көретін, тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа, жүрегі бір сан ұлт пен ұлысты құрметтей білетін жаңа заман жастарын тəрбиелеуге ұмтыламыз.

Университет базасындағы «Ispace» жобасы, «Samgar» театры, студенттік басқару, «Болашақ» спорт клубы мен басқа да түрлі клубтар мен бірлестіктер өз жұмыстарында осы бағыттарға басым көңіл бөледі. Иə, жетістіктер баршылық. Бірақ, жетпей жатқан тұстарын да жетілдіруге жұмыстану қажет.

Тек дарынды ба ла ларға арналған білім ұяларына ғана мемлекеттік қолдау көрсету өзара əлеуметтік алшақтыққа əкелуі мүмкін. Ауыл мен қала мектебі, болмаса, гуманитарлық жəне техникалық бағыттағы оқу орны деп бөлмей, бəріне бірдей жағдай жасағанда ғана іс алға басады. Президент айрықша атап көрсеткен бағыттар бойынша аталған білім ордасында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Қазір Атырауда 50-ге жуық бұқаралық ақпарат құралы бар. Соның шамамен 70-80 пайызын Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі журналистика кафедрасының түлектері құрайды. Осының өзінен оқу ордасына жүктелген жауапкершілік жүгі қаншалықты ауыр екенін сезінуге болады.

Мəселен, қолданылып келген жоспарға сəйкес, «5В050400- журналистика» мамандығының студенттері төрт жылда екі рет қана өндірістік іс-тəжірибеден өткен. Ал, ұлттық жəне жергілікті жо ғ а р ы о қ у о р ы н д а р ы н д а жыл сайын тəжірибеден өтуге міндеттеледі. Төртінші курста тағы да өндірістік жəне дипломалды тəжірибе бар. Бұның білікті маман даярлауда үлкен үлесі бар.

Сондықтан, оқу бағдарламаларына батыл өзгерістер енгізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына жұмыс беруші БАҚ жетекшілері, Атырау облысы Журналистер одағының төрағасы Алма Қалусариева, студенттер мен кафедра түлектері енді. Осылайша, 2018 жылы жаңадан «6В03201-Журналистика жəне ақпарат» білім беру бағдарламасы жасақталды. Жұмыс берушілер операторлық шеберлік, сандық фотожурналистика мен деректі фильмдер жасау бойынша ұсыныс білдірсе, студенттер интернетжурналистика мен спорт журналистикасын оқуға ниет танытты.

Бұл бағдарлама аз уақыт ішінде «Қазақ газеттері», еліміздің Теле-радио таратушылардың ұлттық қауымдастығы, Атырау облысының Журналистер одағы, «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен ондағы ғасырлық тарихы бар «Атырау» мен «Прикаспийская коммуна» газеттері, Журналистика мəселелерін зерттеу институты, тəуелсіз «Caspian news» телеканалы жəне басқа да белгілі сала үздіктерінің оң бағасын алды.

Сонымен бірге, 2017 жылы мұнайлы мекен тарихында алғаш рет «Атырау-Ақпарат» ЖШС мен университетке ортақ Медиамектеп ашылды. Ал, 2019 жылдан бері университет пен «Атырау» теларнасының бірлескен жобасы – Медиа-студия жұмыс жасап жатыр. Шет елдерден келіп дəріс оқуға да ғалымдар шақырылып отырады. Атап өтер болсақ, 2019-2020 оқу жылында атақты академик, халықаралық журналист Кипрас Мажейка Мəскеуден ат арытып келіп, бар білім-білігімен, тəжірибесімен бөлісті. Түркиядан келген PhD докторы Локман Зор да атыраулық студенттердің санасына сəуле шашып, ой-өрістерін дамытты.

Академиялық ұтқырлық бойынша Астрахан мемлекеттік университетінде білім алған кафедра студенттері Гаухар Муксунова мен Альбина Калиева, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінде білімдерін шыңдап шыққан Талшын Қуандықова мен Амангүл Кеңес секілді білім алуға құштар студенттерімізді мақтан тұтамыз.

Мəншүк МҰҚАШЕВА,

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика кафедрасының меңгерушісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button