Жарнама
Жаңалықтар

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНДА – ЖАҢА БАСШЫ

Облыстың білім беру саласында Нұрсәуле Сайлауқызының есімі жақсы таныс. Бұған дейін «Жастар саясаты» орталығының директоры, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің деканы қызметтерінде болды. Ал, өткен жылғы шілде айында Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалып, өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарды.

Аймақ басшысының бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы ұжымға жаңа басшыны таныстыру жиынында басқармаға білім беру ісінің сапасын арттыру бағытында үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын, салада жарқын жетістіктермен қоса шешімін күткен мәселелер де бар екендігін айтып,  жаңа басшыға сәттілік тіледі.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button