Атырауда мұз айдынындағы жазғы хоккей лагері ашылды

52d42fa85cc2d Жаңалықтар

Atr.kz/6 маусым, 2019 жыл.  2009 жылы ғана жасақталған жергілікті «Бейбарыс-Атырау» хоккей командасының осы аз уақыт ішінде  ел чемпионатында төрт мәрте чемпион, атануынан да болар.

Жеңістен жеңіске  жеткен сайын жанкүйерлер делебесі қозып, олардың мұз үстіндегі сиқырлы ойынға деген қызығушылықтары одан сайын артуда.

Сонымен қатар, өңірімізде осы чемпиондардың ізін басуға құлшынып отырған балалар хоккей командасы да бар. Қазіргі таңда онда 8-12 жас аралығындағы  120-дан астам жас хоккейші осынау қысқы ойынның қыр-сырын бойына сіңіруде. Олардың ел чемпионатындағы ойындарында біраз жетістіктері де баршылық.

Ойын өрнегі күннен-күнге дамып келе жатқан осы жас «Бейбарыс-Атырау» командасының басшылығы осы ойын түріне  жасөспірімдерді молынан тарту және жас өрендер арасында салауатты  өмір салтын насихаттау мақсатында оқушылардың жазғы демалысы кезінде  балаларға арнап хоккей лагерін ашып отыр. Атырау қаласындағы  мұз айдынында орын тепкен  бұл лагерге мектеп жасындағы кез-келген қала және аудан оқушылары қатыса алады. 

Әр топтың лагерде болу  мерзімі – 14 күн. Бұл мерзім ішінде балғындарға жергілікті және өзге өңірлерден келген мамандар дәріс беріп, үйренушілер «Престиж» қонақ үйінде тұрақтайтын болады. Бұл мұз үстіне шығып шынайы хоккей ойнағанды армандап жүрген  барша балаларға тәжірибе жинақтар тамаша мүмкіндік болып тұр. Балақайлар, ендеше, мұз айдынындағы жазғы хоккей лагеріне  келіңіздер!

Мұратбек ЖАҢАБАЙ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз