Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Білекті бірді, білімді мыңды жығады

Айбек АТАШЕВ,
Атырау облысы Дін істері басқармасы
«Ақпараттық-талдау орталығының»
басшысы, теолог:
А.Аташев
Ұлт Көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қамтылған аса маңызды мәселелер бар. Олар – ХХІ ғасырдағы ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау және білімнің салтанат құруы. Бұл үшеуі ұлт дамуы мен ұлттық тұтастықты және Елбасы аса мән беретін интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеудегі айқын бағыт екені сөзсіз.

Ұлттық бірегейлікті сақтау – бұл қазіргі ақпарат майданы мен жаһандану кезеңіндегі халқымыздан талап етілетін басты міндет. Әлем халықтарының арасында өзіміздің ұлттық идентификациямызды жоғалтып алмау болашақ алдындағы, ұрпақ алдындағы парыз деп білген жөн.

Ұлттық сана – сан ғасырлар бойы қалыптасатын әр халықтың, сол қоғамның бірегей коды іспетті. Елбасы «рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» екенін атап көрсетті. ХХІ ғасырдағы техника мен технологиялық дамудың қарқынды ағынының арасында ұлттық санамыз бен адами, бастысы қазақи болмысымызды жоғалтып алмауымыз керек.

Білімнің салтанат құруы – қай қоғам болмасын, қай кезең болмасын басты назарын да, рухани күш-жігерін де алдымен ғылым мен білімге жұмсайды. Ол заңды құбылыс. Тарихтан білетініміздей, қазақтың ханы Абылай – «Білекпен күш сынасатын кезде жеңілмедік, енді біліммен күш сынасуда есе жібермеуіміз керек» деген. Соңғы еншінің жауапкершілігін қазіргі ұрпақ арқалауы керек. Өйткені, білімді ұрпақтың, білімді қоғамның талаптары да, мақсаттары да айқын болмақ. Білімді ұрпақтың бойынан ұлттық сана табылып тұрса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button