Бетперде шешуге ерте
Алайда аты өшкір індет әлі де толық жойылмағандықтан, біздерге қуаныштан «бөрікті аспанға лақтыратын күн» орнай қойған жоқ деп ойлаймын.
Сондықтан, «бәрі кетті, бітті» деп қамсыз қалмай, көпшілік болып әлі де сақтық шараларын, гигиеналық тазалықты ұстануымыз ләзім. Көшеде жүргенде бетперде кию, антисептикті пайдалалану, үйге келгенде қолды әбден тазалауды әдетке айналдыруымыз қажет тәрізді.
Көпшілік орындар мен базарлардың демалыс күндері қызмет көрсетпеуі де өте орынды болды. Себебі, расымен де сол күндері адамдардың бір-бірімен деген аралас-құраласы көбейетіні шындық еді. Сақтық шаралары болғандықтан біз бұл уақытша тиымдарды құптап отырмыз. Түсінген адамға осының бәрі халықтың денсаулығын сақтау үшін, амандығы жолында жасалып жатқан шаралар екенін білуіміз керек. Сол себепті, осыны бірауыздан қолдап, қойылған талаптарды бұлжытпай орындағанымыз дұрыс деп есептеймін.
Сақыпжамал САБИРОВА,
ардагер-ұстаз