
Жаңалықтар
Бесіктіде 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде
Бесіктіде балабақша құрылыс жүргізілуде.
Атырау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, екі қабатты бөбекжай 280 орынға лайықталған. Нысанның аумағы 1,80 га құрайды.
Ғимараттың жобасын жасаушы – «Стройдизайнсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жергілікті бюджет есебінен салынып жатқан білім нысанының құрылысын «ARSM» мердігер мекемесі жүргізуде. Тапсырыс беруші — облыстық құрылыс басқармасы.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Аманбай Хұсынов өңірдегі балабақшаларда орын жеткіліксіз екенін айтып, бүгінде ата-аналардан арыз-шағым көп түсетінін жеткізді. Осы орайда, ол «жаңа бөбекжайлар мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтуда бірқатар мәселелерді шешпек» дейді.