Жарнама
Жаңалықтар

Берекенің бәрі – бизнесте

Президенттің кезекті Жолдауы елдің экономикалық дамуын жаңа сатыға көтеруге бағытталған. Себебі, заман көшінен қалмауымыз керек. Ал, ол үшін кәсіпкерлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларына жоғары технологияларды енгізуіміз қажет.

Берекен¦__ б__р¦ Ц бизнесте

Заманауи технологияны енгізіп қана қоймай, оны тез меңгеріп кету де маңызды. Президент Үкіметке сандық салада отандық стартап, яғни, бастамашыл жобаларды дамытуға жағдай жасауды тапсырды. Осы ретте арнайы мемлекеттік бағдарлама жасақталып отыр. Оның аясында енді халықаралық технопарктер құрылатын болады.

Атыраулық кәсіпкерлердің де алдында үлкен стратегиялық міндет тұр. Ол – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнес үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізуге үлес қосу. Кәсібін дөңгелеткісі келетіндер «Атырау» газетінде жарияланған материалдан хабардар шығар, кәсіпкерлерге 16 мил­лион теңгеге дейін несие берілетін болды. Осы мүмкіндікті жіберіп алмау керек. Ал, бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілерді жою жұмыстарымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы айналыспақ. Бұл ретте бізге барлық уақытта хабарласуға болады.

Президент биылғы Жолдауында «Адами капитал сапасын жақсарту» деп аталатын төртінші басымдығында әлеуметтік салаға зор мән беріп отыр. Естен шығармауымыз керек, біз ішкі әлеуметтік мәселелерді тек бәсекеге қабілетті болғанда ғана шеше аламыз. Жасыратын несі бар, қаржылық дағдарыс, әлемдік валю­талық қор саясаты, мұнай бағасына қатысты туындаған проблемалар салдарынан дүние жүзінде инфляция көрсеткіші өсіп жатыр. Бұдан біздің еліміз де ешқайда қашып құтыла алмайтыны анық. Өйткені, біз де – әлемдік нарықтың бір бөлшегіміз. Соған қарамастан, зейнетақы мен жәрдемақы және басқа да түрлі әлеуметтік төлемдерді өсірмесек, кемітпеуіміз керек. Өйткені, халықтың тұрмыс-жағдайы бәрінен де маңызды. Ал, бизнес – қайткенде де, береке бастауы.

Асылбек Жәкиев,

өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры:

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button