Жаңалықтар
“Bereke Bank” катарлық инвесторларға сатылды
Қазақстандық “Bereke Bank” енді толығымен катарлық Lesha Bank LLC компаниясына тиесілі болды.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, жаңа иелерінің келуімен банк клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырып, қызмет көрсету шарттары өзгеріссіз қалады. Банк бұрынғыдай коммерциялық әмбебап банк мәртебесінде жұмыс істей береді.
Бұл сатып алу Қазақстан мен Катар арасындағы қаржы ынтымақтастығын нығайта түсіп, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды арттырады деп күтілуде.
Қуандық ШӘКІРОВ
Сурет: kursiv.kz