Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Бердібек Сапарбаев: Әлеуметтік сала – мемлекеттің басым бағыты

Atr.kz/14 қазан, 2019 жыл. ҚР Премьер- Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақ жұртшылығымен кездесті. 

Вице-премьер өз сөзінде ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы қойылған міндеттерді шешуге бағытталған  шаралар туралы баяндады. Негізгі мақсаттардың бірі — отандастарымыздың өмір сүру деңгейін көтеру. Жыл сайын әлеуметтік саланы қаржыландыру өсіп келеді.

Ағымдағы жылы мемлекет бюджетінің 45% денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спортты  қаржыландыруға жұмсалды. Тағы бір маңызды мақсат- жалақы деңгейін көтеру. Бұл мәселе өкіметтің жыл сайынғы күн тәртібінен түспей келеді. 

 — Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды қолдау күн тәртібінен түспейді. Осы санаттағы отандастарымызды қолдау үшін бүгінде  бюджеттен 147 млрд. теңге жұмсалды. Бұл бағытта 2 млн. адам қамтылды, — деді Бердібек Сапарбаев өз сөзінде. 

Осындай отбасыларға өз ісін ашып, әлеуметтік жағдайын жақсартып алу үшін мемлекет барлық жағдайларды жасақтауда. Есептеулер бойынша, 8 мың адам өз ісін бастап, 7 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті жеке шаруашылығын дамытуға жұмсаған. 3,5 мыңға жуық көпбалалы отбасы гранттар алды. Бұл да әлеуметтік жағдайды дұрыстап, қоғамдағы ахуалды қалыптандыруға септігін тигізеді..

whatsapp image 2019 10 11 at 19.06.47

Атаулы әлеуметтік көмек беру туралы әңгіме айта келіп, қолдау көрсету масылдық пиғылдың өршуіне соқтырмау керектігін де атап өтті Сапарбаев. Сонымен қатар, дарынды балаларды қолдау картасы мен 2030 жылға дейін жасақталған балалардың мүддесіне арналған Қазақстан Республикасының саясаты туралы тұжырымдамасы жөнінде де бөлек әңгіме қаузады. 

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарға қаржылық салмақты азайтуға бағытталған біраз шаруа атқарылды. 500 мың отандасымыздың тұтыну несиелері азайтылды.  Азаматтық қоғамды дамыту да өзекті тақырыптардың бірі. Сапарбаевтың сөзіне қарағанда, екі тұжырымдама жасақталуда екен: бірі — «Елеңдейтін мемлекет» және 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамыту. Бұл құжаттар жылдың соңына дейін дайын болуы керек.

— Мемлекеттік қызметкерлер өз жұртшылығына елеңдеуі керек. Азаматтардың бірде- бір өтініші мен шағымы қараусыз немесе жауапсыз қалмауы тиіс,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

whatsapp image 2019 10 11 at 19.06.46

Білім беру саласындағы, педагогтардың құқығын қорғауға жөніндегі атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. Материалдық жағдайларының жақсаруына, жалақының өсуіне де қатысты бірқатар жұмыстар жалғасын тауып келеді. 

— Біз де дарынды балалар өте көп. Бұл- елдің болашағы! Оларды қолдауымыз керек,- деді өз сөзінде Бердібек Сапарбаев.

«Atr-Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button