Жарнама
Жаңалықтар

БЕЛСЕНДІ ЖАСҚА – ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ

 

Айта кету керек, мұндай көмек былтыр да көрсетілген еді. Енді осы жылдың соңына дейін жастар ұсынған 25 бастама қаржыландырылуы тиіс.

Мен мемлекет үшін не істей аламын? Міне, байқауға қатысушылар осы сауал төңірегінде толғануы тиіс. Әр жаңа бастамаға 200 мың теңге қаржы бөлінеді. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – бір күннен үш айға дейін. Жас шамасы 14-29 жас аралығында талап етіледі. Биылғы қатысушылардың 80 пайызы – Тәуелсіздік күні қарсаңында дүниеге келгендер.

— Қазір жастардың жеке бас проблемаларынан гөрі, қоғамдық мәселелерге көбірек ден қоя бастағаны қуантады. Әр белсенді топ облыс, қала, аудан, ауыл, тіпті, көшесіне де пайдалы жобаларды қолға алуы керек. Бұл үшін біздің басқарма тарапынан барлық қолдау көрсетіледі, — дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірім Қалауи.

Ұсынылып отырған жобалар экология, руханият және отбасылық құндылық, қайырымдылық, білім мен спорт, бизнес және еңбек қатынастары, сондай-ақ, ұлтжандылықты дамытуға бағытталуы тиіс. «Былтыр біз қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен қаламызда қуыршақ театрын ұйымдастырдық. Биыл да бұл дәстүрді жалғастырып, үш ай жазғы демалыста аула клубтарында әлеуметтік жобаларды іске асыратын боламыз» дейді «Логос-Атырау» қоғамдық қорының жетекшісі Бибігүл Шайхиева.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button