Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті
Қазақ әдебиеті мен мәдениеті тағы бір ұлы тұлғасынан айырылды. Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті.
Рахымжан Отарбаев — жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері, Атыраудың және Құрманғазы ауданының құрметті азаматы.
Ол 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданыда дүниеге келген.
Жазушының әр жылдары «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім», «Отверженный мир» атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрген. Сондай-ақ, Қытайдың «Ұлттар» баспасынан қытай, қазақ тілінде 2 томдығы, Ресейдің «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде бір томдығы және қырғыз тілінде кітаптары да басылып шықты.
Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған. «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нұржауған-ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанды. Жыл сайын дәстүрлі түрде Рахымжан Отарбаев атындағы Халықаралық театрлар фестивалі өткізіліп келеді.
Қазақтың біртуар азаматы осыған дейін Атырау облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.
Күтпеген, тосын оқиға. Шындықты қаймықпай айтып еді. Өкінішті. Жаны жаннатта болсын. Болашақ айтатын болады. Отбасына, курстасым Сәулеге көңіл айтамын,