Ибрагим Ақдрашев «Мақат ауданының құрметті азаматы»атанды
Атырау облысына танымал кәсіпкер және меценат Ибрагим Ақдрашев «Мақат ауданының құрметті азаматы» атағын иеленді. Кәсіпкер облыстағы және еліміздегі әлеуметтік жобаларға, қоғамдық өмірге зор үлес қосып келеді.
Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі де Ибрагим Ақдрашев басқаратын компанияның үнемі назарында. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар, қамқорлықты қажет ететіндер жандарға, балалар, қарттар мен мүгедектер үйі, соғыс ардагерлері де кәсіпкердің назарынан тыс қалған емес.
Ибрагим Ақдрашевтің тікелей қатысуымен мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы Мақат ауданының Доссор поселкесінде саябақ абаттандырылды, Адай ата киелі орнына баратын жолға асфальт төселді. Сондай-ақ, Ақмешітін ауыз сумен қамтылды.
«Құрметті азамат» атағы — елеулі еңбекке деген ілтипат. Кәсіпкер бұл атақ құрмет белгісі ғана емес, ел алдында алға қарай да атқарылатын істерге жауапкершілік жүктейтінін айтады.