Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Бекірені заңсыз тасымалдаған азамат сотталды

Аtr.kz/8 маусым, 2020 жыл. Атырау облысында 4 кг бекірені заңсыз тасымалдаған тұрғынның бас бостандығы шектелді. Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, биылғы 28 сәуірде сағат 16:35-те Махамбет ауданындағы Есмахан елді мекенінің тұсында «Тойота-Ипсун» маркалы автокөлігі тоқтатылған.

Көлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 4 килограмм екі бекіре балығы табылған. «Махамбет аудандық сотында қысқартылған тәртіпте қаралған іс барысында көлік жүргізушісінің пайдалануға тыйым салынған бағалы бекіре балығын заңсыз тасымалдағаны дәлелденді. Көлік жүргізушісі өзінің кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен құқық бұзушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен байланысты лауазым мен қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

***

Атырау полициясы жарты тоннадан астам бекіре тиелген көлікті ұстады.

Атырау облысында полиция қызметкерлері 600 кг бекіре тұқымдас балық тиелген көлікті ұстады.

«Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері арнайы жедел операция кезінде Құлсары — Сарықамыс тас жолында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 килограмнан астам бекіре балықтары тиелген көлікті ұстады», деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button