Жарнама
Жаңалықтар

Бекарыс – төрт дүркін чемпион

Алматы облысының Қаскелең қаласында өткен дойбыдан Қазақстан Республикасының чемпионатында Атыраудың Ақсай ауылында тұратын 10 жасар дойбышы Бекарыс Жұмалиев еліміздің төрт дүркін чемпионы атанды.

Бекарыс Ц т__рт д__рк¦н чемпион

Дүбірлі додада Бекарыс бапкері Берік Молдаштан үйренген айла-тәсілдерді ұтымды пайдаланып, барлық тоғыз қарсыласын жеңіп шықты. Сөйтіп, ол «Классика» номинациясы бойынша жеңімпаз болды.

-Шәкіртім Бекарыс бұл біріншілікте өзінен екі-үш жас үлкен балалармен ойнады. Осыған қарамастан ол біздің бар үмітімізді ақтады, — дейді жас чемпионның бапкері Берік Молдаш.

Бапкердің айтуынша, спорттық ережеге сәйкес еліміздің бірнеше дүркін чемпионы болған талантты дойбышы Бекарыс Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алуы тиіс. Бірақ, қазіргі қолданыстағы қазақстандық ережеге сәйкес бұл құрметті атақ 14 жастан асқандарға ғана беріледі.

Ақсай ауылындағы Берік  ағамыздың үйінің ауласындағы «Дойбы мектебінен» тәлім алып, осынау ежелгі спортты серік еткен шәкірттердің  де, чемпиондардың да қатары  өсіп келеді. Өзінің ынтасымен, ақысыз-пұлсыз жұмыс жасайтын Бекеңнен дойбы әліппесін үйренген Бекарыстан бөлек  ағасы Алтынбек, әпкесі Данагүл және басқа да вундеркинд дойбышылар облыс, Қазақстан біріншілігінің алтын, күміс  жүлделеріне ие болып үлгерді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button