Бейбітшілік пен тыныштықты қалаймыз!
Облыстық мәслихаттың депутаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов бүгінгі республика Президентінің кезектен тыс сайлауынан көп үміт күтеді.
— Ұзақ жыл жоғары білім беру саласында еңбек етіп келе жатқан қарапайым азамат ретінде бұл саланың түйткілді тұстары аз емес екенін жақсы білемін. Барлық деңгейдегі педагогтардың беделі мен мәртебесін көтеру – аса маңызды мәселе. Ал, білім сапасын жақсарту, әсіресе ел ішіндегі небір талантты жастардың бағын ашатыны сөзсіз. Олардың тегін оқуына да мүмкіндік туады, — дейді ол.
Егер осының барлығын толыққанды түсініп, мәселенің шешімін тез әрі оңтайлы шеше білер адам мемлекет басшылығына келсе, елдің де көркейе түсетініне Саламат Нұрмұханұлы кәміл сенімді. Сол мақсатпен ол өзі тұратын мекен-жайдағы APEC Petrotechnic жоғары техникалық колледжінде орналасқан №90 сайлау учаскесіне келіп, келешекке таңдауын жасады.
— Бүгін – тарихи күн! Отандастарымыздың дұрыс таңдау жасайтынына толық сенемін, — дейді С.Идрисов.
Кайрат САТАЕВ