Жарнама
Жаңалықтар

БЕДЕЛДІ БАНКТЕР БИЗНЕСТІ ҚОЛДАЙДЫ

Жолдау жүктеген осынау мәртебелі міндетті орындау жолдары, жүзеге асыру механизмдері төңірегінде түсінік беріп, келелі әңгіме құрып, өзара пікір алмасу үшін оған қатысты құрылымдар өкілдерінің қатысуымен аймақтық әкімдік үйінде семинар-кеңес өткізілді.

Басқосуды облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Лариса Жұмағалиева ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселеге орай осы шараға арнайы шақырылған Еуропалық қайта құру және даму банкінің өңірлік бағдарламалар басшысы Хольгер Вифель хабарлама жасады.

Бүгіндері құрылғанына жиырма жылдан асқан аталмыш банктің әлемнің 25 елінде өкілдіктері ашылған. Соның ішінде, Қазақстан Республикасында оның жеті кеңсесі орналасқан. Негізінен, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау бағытында бұған дейін де арнайы бағдарлама қабылданып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді екен. Осылайша, 1997 жылдан бері бір ғана біздің елімізде мыңдаған  бизнес-жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Ал, өткен жылы республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамытып, өрісін кеңейту, отандық өнімнің экспортқа шығарылу мүмкіндігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, соған қолайлы ортаны қалыптастыру үшін ҚР Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойылған. Сөйтіп, тек соңғы бірер жылда банк тарапынан қазақстандық кәсіпкерлік субъектілеріне 300 млн. евро көлемінде несие берілген. Қарызды қайтару мерзімі мен жылдық сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде де несие алушыға тиімді де ұтымды жақтары, жеңілдіктер кезеңі қарастырылған.

Тұтастай алғанда, 2001-2014 жылдар аралығында аталған банк Қазақстанда ірілі-ұсақты 800-ден аса бизнес-жобаның қаржыландырылуын қамтамасыз еткен.

Келесі кезекте Азиялық даму банкі арқылы қаржыландырылатын жобалардың жайына назар аударылды. Бұл жайында осы банкіден қарыз  алу есебінен несиелеуді жүзеге асырумен айналысатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Атырау облысы бойынша аймақтық филиалының менеджері  Эльмира Нұрғалиева баяндады.

 Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button