Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚұқық

АТЫРАУДА БАЛКОНДАҒЫ БҮЛДІРШІНДІ ҚҰТҚАРДЫ (+видео)

Атыраулық полицейлер балконда тұрған 4 жастағы баланы құтқарды.

https://youtu.be/RMHTkxy9L1I

7 қаңтар күні сағат 01:00 шамасында полиция аға лейтенанты Тимур Балмағанбетов Вокзал маңы ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің 3-қабатында қылтимадан белгісіз жасөспірім бала секірейіндеп тұр деген хабарлама алғанын айтады.

Хабарлама бойынша полиция капитаны Гизатолла Рахметов және полиция аға сержанты Мадиев Файзолла барып, баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын байқап,үйінің есігін қаққан уақытта құлыптаулы тұрғанын анықтаған.

Жедел әрекет ету керегін түсінген полицейлер жоғары қарай өрмелеп үшінші қабатта тұрған 4 жасар жасөспірім баланы аман-есен құтқарып алып үйіне кірген. Пәтер ішінде бүлдіршіннен басқа адам болмағаны белгілі болды. Түнгі уақытта 4 жастағы баласы үйде жалғыз қалған баланың ата-анасы, құрбысына баланы уақытша қарай тұруға тастағанын айтып түсіндірген.

Ал, баласын сеніп тапсырған құрбысы баланы үйге құлыптап, кілтті подьезд ішіне жасырып кеткен. Ата-анасы ұзақ уақыт үйге келе алмауын такси қызметін ұзақ күткенімен түсіндіріп, 4 жастағы баланы қауіптен құтқарған полицейлерге алғысын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button