Базарлар мен азық-түлік дүкендеріне карантиндік шектеу әсер ете ме?
Аtr.kz/15 сәуір, 2020 жыл. Атыраудағы базарлар мен азық-түлік дүкендеріне жаңа шектеулер әсерін тигізбейді.
Жедел штаб жергілікті тұрғындарды сауда нысандарында дүрбелең туғызбауға шақырды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің карантин кезеңінде шектеу шараларын енгізу туралы № 31 қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 15 сәуірінен 1 мамырына дейін азық-түлік дүкендері мен базарлар қатаң белгіленген режимде жұмыс істейтін болады.
— Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал, азық-түлік базарлары 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, — деп түсіндірді Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.
Атыраудағы базарлар мен азық-түлік дүкендеріне жаңа шектеулер әсерін тигізбейді