«БАЗАРҒА, ҚАРАП ТҰРСАМ, ӘРКIМ БАРАР…» Алайда, санитарлық ахуал сан соқтырмасын!

snimok 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. Төтенше жағдайға байланысты жабылған базарлардың ашылуын тұрғындар асыға күтті. Себебі, адамның тұрмысына қажетті заттардың барлығы да – осы сауда орындарында.

«Базарға, қарап тұрсам, әркім барар, Іздегені не болса, сол табылар» деп Абай атамыз айтқандай, жұмырбасты әр пенденің барлық қажеттілігі осы базармен байланысты. Десек те, бұл сауда орындарындағы санитарлық ахуалды журналистік зерделеу нені көрсетті?

 КЕЛУШІЛЕР ЖЕТЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Карантиндік шектеу алынып, базарлар ашылғанда а л д ы м е н , А в а н г а р д шағынауданында орналасқан «Көктем» базарына бет түзедік. Мақсатымыз, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында нақтыланған қауіпсіздік шараларының қаншалықты орындалып жатқандығын білу еді. Есік аузындағы күзетші жігіт ентелеп келе жатқандарды тоқтатып тұр. Біз де солардың қатарындамыз. Сөйтсек, сауда орнына кірер есік ғимараттың бас қапталында екен. Өзге әйнек есіктерге «Шығу» деген қызыл жазу ілініпті.

Жаңа тәртіпке сәйкес, базардың шығу есіктері бірнешеу болғанымен, кіру есігі – біреу. Базар әкімшілігі оған дезинфекциялық өткел орнатыпты. Сауда орнына келуші одан өтуі шарт. Оған қоса, базаршыда міндетті түрде бетперде болуы керек. Кіреберісте базар қызметкерлері арнайы құралмен әр келушінің дене қызуын тексеріп, қолдарына залалсыздандыру сұйықтығын шашады. Содан соң ғана ғимаратқа кіруге рұқсат беріледі.

 Осы шарттарды орындап, біз де базардың негізгі ғимаратына ендік. Ерсілі-қарсылы жүрген тұтынушылар тобына ілесіп, біраз бөлігін аралап келеміз. Сондағы байқағанымыз, базар сатушылары індетке қарсы қауіпсіздік шараларын барынша ұстанып, қолына қолғап, бетіне бетперде т а ғ ы н ы п т ы . Ә р с а т у кабинасының кіре берісіне «бетперде тағу» жөніндегі ескертпе ілінген. Базар дәлізінің кей тұстарына келушілерге арнап антисептик орнатылған.

 – Біздің жұмысымыздың әр күні тексеріспен бастала­ды. Алдымен кіре берістегі дезинфекциялық өткелден өтіп, содан соң міндетті түрде дене қызуымыздың қалыптылығы тексеріледі. Бетперде мен медициналық қолғаптың болуы – міндетті

 шарттың б і р і . С а у д а жүргізгенде де алдымызға келген тұтынушының бетпердесінің болуын қатаң қадағалаймыз, – деді біз жолыққан сатушы Ғалия Қазбаева.

БЕТПЕРДЕСІЗ САТУШЫ

Одан соң, Вокзал маңы ауданында орналасқан «Дина» сауда орталығына келгенбіз. Ат шаптырым жерді иемденіп жатқан алып базардың айнала­сы әдеттегідей адам мен көлікке толы. Тауарларын жол жиегінде отырып с а у д а л а у ш ы л а р б ә з – баяғысынша тұсынан өткен адамдарға өз заттарын тықпалауда. Қаз-қатар т ізіліп отырғандардың көпшілігі қолғап кимеген, бетперде де тақпаған. Яғни, антисанитарлық жағдайда қызмет көрсетуде. Бұл көріністің себебін білгіміз келіп, сауда жасап тұрғандарды әңгімеге тартқанбыз. Дегенмен, олар бізбен тілдескісі келмеді. Базар басшылығының да оларға қатаң талап қойып жатқандығы байқалмайды. Бұл тұстан өткен соң, сауда орнының аумағына ендік. Дала базарының дәурені әлі жүріп тұр. Ашық аспан а с т ы н д а т а у а р л а р ы н сатқандар қызметтерін бейқам күйде атқаруда. Базар сыртындағы көрініс мұнда да қайталанған. Одан соң, жабық ғимараттағы жағдайды білуге беттедік.

Бұл жерде де бір есіктен кіру жүйесі жолға қойылыпты. Алайда, «Көктем» базарында орнатылған дезинфекциялық өткел бұл жерде болмай ш ы қ т ы . К і р е б е р і с т е бетперденің барлығы, дене қызуының қалыптылығы тексеріліп, содан соң ғимаратқа енуге рұқсат берілді. Мұндағы жағдай сырттағы көріністен мүлде өзгеше. Базар сатушыла­ры талапқа сай бетперде мен қолғап киіпті. Әр сау­да кабинасының тұсында бетперде тағу тура­лы ескертпе ілініп, әр бұрылысқа «антисептик» орнатылған. Базарға келушілердің көбі санитарлық талапты қ а т а ң с а қ т а н ы п , б е т п е р д е с і н д ұ р ы с т а ғ ы н с а , кейбірі салғырттық танытып, иектеріне түсіріп алған. Базарға барғанымызда біз осындай жайларды байқадық.

 Сәден ЛҰҚПАНОВ,

«Сарайшық» базарының директоры:

– Базар ашылғалы бері біз бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптар бойынша қызмет көрсетудеміз. Сауда орнында бір есіктен кіру жүйесі орнатылып, келушілер алдымен дезинфекциялық өткелден өтеді. Бетперде киген келушілердің дене қызуы өлшеніп, қолдарына залалсыздандыру сұйықтығы шашылады. Содан соң ғана базар ішіне жіберіледі.

Әзірге, сауда орындарын жалға алушы кәсіпкерлер наурыз айындағы төлеген төлемдерінің есебінен еңбек етуде. Осы­мен бірге, жергілікті көкөніс өнімдері тек шілде айында пісе бастайтындықтан, әзірге көкөніс қажеттілігін оңтүстік өңірлерден келетін өнімдермен толтыруға мәжбүрміз. Қазіргі күні базардағы картоп өнімі 250 теңгеден, пияз – 140 теңгеден сатылуда. Өкінішке қарай, аймақтық тұрақтандыру қорындағы өнімдер мамыр айында таусылған болатын.

 Гүлназ ЖАНПЕЙІСОВА,

«Көктем» базарының әкімгері:

– Қайта жұмысын бастаған базарымыз қазір күшейтілген санитарлық жағдайда жұмыс жүргізуде. Ғимараттың сауда қатарларында санитайзерлер орнатылып, әр сатушыға бекітілген талапқа сай қызмет көрсету нұсқаулықтары таратылды. Күнбе-күн ғимарат ішіндегі инвентарлар, баспалдақ жақтаулары, сату кабиналары міндетті түрде дезинфекциялау құрылғыларымен өңделеді. Базардың бас ғимаратына кіру бір жерден жүргізіліп, ол жерге дезинфекциялық өткел қойылды.

Бетперденің болуы мен дене темпера- турасының бірқалыптылығы қатаң қадағаланады.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз