Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeҚоғам

БАЗАРДАҒЫ бағаны кім бақылайды?

Atr.kz/9 қазан, 2020 жыл. «Жаздың бір күні, қыстың мың күнін асырайды» деген ата-бабамыз әуелден көктем келіп, Жер-Ананың құшағы жібіген сәттен-ақ қорадағы малын өріске жіберіп, қолына кетпен алған. Диқандар жаз бойы жұмысын жүзеге асырып, күзде егінін қамбаға құйса, мал баққан шаруа төрт түлігін саралап, күздік пен соғымға соятын ірі қарасын бөлек ұстап баптаған. Ал, қолы епсекті бәйбішелер жиналған өнімді рәсуа қылмай, түрлі тәсілмен қысқа сақтайды. Балықшы да қармағына ілінгенді қақтап, кептіреді. Яғни, көктемнен күзге дейінгі шаруаның дені осы қыстың қамы десек те болады.

Алаңдауға негіз жоқ

Қазір тұрғындардың қысқы азықпен жеткілікті қамтылуын, б а ғ а н ы ң қ ы м б а т т а м а у ы н б о л д ы р м а у м а қ с а т ы н д а мемлекеттен арнайы қаржы бөлінді. Осы мақсатта әлеуметтік маңызды тағамдарды халыққа ұ с ы н а т ы н д ү к е н д е р м е н келісім-шарт жасалды. Оның ж ұ м ы с ы н т ұ р а қ т а н д ы р у қоры үнемі бақылап, назарда ұстайды. Ал, биыл қысқа дайындық қалай? Қорымызда қандай азық-түлік бар? Бұл туралы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының департамент басшысы Гүлмира Мендалиевамен хабарласып сұрап, білдік.

Биыл «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Феликс» шаруа қожалығымен 605 тонна көкөніс жеткізу бойынша келісім-шартқа отырған. Оның 361 тоннасы – картоп, 80 тоннасы – пияз, 50 тоннасы – сәбіз және 114 тоннасы – қырыққабат. Өнімдердің барлығы шаруа иесінің қоймасында сақталып, сауда нүктелеріне жөнелтіледі. Бұл шығындарды тұрақтандыру қоры өз есебінен төлейді. Осы әлеуметтік маңыздағы 4 түрлі көкөністің бағасы тұрақтандыру қорының арнайы нүктелерінде биылғы баға деңгейімен сатылады.

Өткен жылы қор 1,5 мың тон­на көкөніске тапсырыс беріпті. Алайда, үлкен көлемдегі өнімді сақтау кезінде оның белгілі бір бөлігі жарамсыз болып қалған. Сондай олқылықтарға жол бермеу мақсатында биыл көлемін едәуір төмендетіпті. Мұнда сауда орындарында тапшылықтың жоқ екендігі де ескеріліп отыр.

– Осы жылдың мамыр айында «Атырау» ӘКК «Идеал Маркет» ЖШС-мен 12 айға келісім-шартқа отырып, мемлекеттен 400 млн. теңге қаржы бөлінді. Келісімге сәйке с, аталған компанияның қаладағы 33 сауда нүктесі, Жылыой және Индер ауданындағы үш орыннан, 15 түрлі әлеуметтік маңыздағы тағамды тұрақтандыру қоры бекіткен бағамен ала аласыз. Яғни, алдағы жылдың мамыр айына дейін сол баға сақталады және тапшылық болады деп алаңдауға еш негіз жоқ, -деді «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының департамент басшысы.

«Ет дегенде…»

Бүгінге дейін жоғарыдағы 36 сауда нүктесінде 539 тонна қант, 166 тонна тауық еті, 162 тонна күріш, 91 тонна нан, 51 тонна қарақұмық жармасы, 22 тонна өсімдік майы, 13 тонна макарон, өзге де тағам түрлері тиімді бағамен халыққа ұсынылған. Тұрақтандыру қоры бекіткен белгілі бір өнімдер арнайы сөрелерде сатылады. «Ет жесе тісіне, жемесе түсіне кіретін» қазаққа дастарқанда ет тұрмаса əбес көрінері сөзсіз. Ал, тұрақтандыру қоры қабырға жəне төс еттің шекті құнын 1890 теңге деп бекітіпті. Əзірге қордың операторға басты шарты – бағаны өсірмеу ғана.

Ал, жергілікті отандық өнім өндірушімен жұмыс жасау мүмкіндікке қарай жүзеге асырылады екен. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаев сегіз айдың есебі бойынша өңірде ет тірілей салмақта 30,6 мың тонна (106,0%), сүт 45,8 мың тонна (104,1%), жұмыртқа 46,2 млн. дана (57,0%) деп мəлімет берген еді. Ал, тұрақтандыру қоры 30 тонна етті Батыс Қазақстан облысы мен Белоруссия елінің шаруашылықтарынан сатып алған. Ет көлемі туралы мəліметтерді аузымызды толтырып айтқанымызбен, шынайы өмірде оның бес бармағымызға ілікпей отырғаны жасырын емес.

Шынымен, осы бір ғана тұрақтандыру қорының мөлшерін жергілікті өнім толтыра алмай ма, əлде мемлекеттен қарыз алып, оны тауар айналымына сала отырып, бағаны тұрақтандыратын оператор жергілікті шаруагермен жұмыс жасауға құлықсыз ба? Ал, тұрақтандыру қорының жұмысы халықтың күнделікті тұрмысында маңызды тағамдардың бағасын тұрақты ұстап отыруға ғана негізделген. Сол шекті бағамен сатылатын өнімнің сапасы ешкімді қызықтыра қоймайтын сыңайлы. Жұмыс сапаға емес, есепке тапсырылатын сандар үшін ғана жасалатындай.

Мүмкіндігі шектеулі мекеме

Бағаны тұрақтандыру дегенде көптің есіне карантин басталысымен қымбатсып кеткен базардағы баға түсері анық. Ал, оны кім құрықтай алады? Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласып, мəн-жайды білген едік. Кəсіпкерлерді тексеруге мораторий жарияланғандықтан, базардағы бағаны реттеуге тиісті мекеменің құзыры жүрмейді екен. Тек баға шектен шығып, ол туралы сатып алушы қалалық, аудандық ауыл шаруашылығы жəне кəсіпкерлік бөлімдеріне арыз түсірген жағдайда шағым тексеріліп, кəсіпкерге ескерту жасалады. Қайталанған жағдайда айыппұл төлейді. Көбінесе тұтынушылар түбіртек талап етпейтіндіктен, оны да дəлелдеу мүмкін болмай қалады.

P.S:

Тұрақтандыру қорының нүктелері облыс бойынша аз аумақты қамтиды. Базардағы баға бас бермей барады. Үйдің маңындағы шағын дүкендер де бар қаржысын айналымға салған соң табыс тапқысы келеді. Жыл он екі ай мал баққан шаруа еңбегінің лайықты жемісін жегенді жөн көреді. Ерте көктемнен жер еміп, қара күзге дейін бел шешпейтін егінші де жақсы өмір сүруді армандайды. Ал, оған «өніміңді арзанға сат» деп қалай талап қоямыз? Ол саланың табысы болмаған соң, жастар да мұндай мамандықтарды таңдаудан бас тартады. Түптеп келгенде мәселеден мәселе туа береді. Сондықтан, базардағы бағаны тұрақтандыруға, қордағы өнімді молайтуға білек сыбана кірісетін кез жетті.

Салтанат АҚТƏЖИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button