Жаңалықтар
Баймұханов көшесінің бір бөлігі жабылады
Атыраудағы С. Датұлы көшесі мен М. Баймұханов көшесінің қиылысынан (СМП-163) бастап, теміржол вокзалына дейін жол жабылады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Автокөлік жолы 14 маусым күні жабылмақ. Яғни, тек бір бағыттағы ғана (сарғыш түс) жол жөнделеді. Келесі бағыттағы жол ашық болып, мұнда көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бір бағыттағы жол жөнделіп болғаннан кейін, келесісі жабылып, жөндеуден өткен соң түгел дерлік ашылады. Жөндеу жұмыстарының күрделілігіне байланысты қашан бітетіні белгісіз, — делінген хабарламада.