Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Бауыржан Омаров Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. Мемлекет басшысының Өкімімен Бауыржан Жұмаханұлы Омаров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Бауыржан Жұмаханұлы 1962 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысында туған. ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1986, қазіргі ҚазҰУ), Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін (1998) бітірген. Филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (2002).

«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде тілші, аға тілші, аудармашы, бөлім меңгерушісі (1986-1994), ҚазҰУ-да аға оқытушы (1994-1996), доцент, аға ғылыми қызметкер (1998-2000), профессор (2002-2003), Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры (1996-1997), Қызылорда қалалық әкімінің орынбасары (1997-1998), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (2000-2003), ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде департамент директоры (2003-2006), «Астана хабары» газеті бас редакторының 1-орынбасары, «Айқын» газетінің бас редакторы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры (2006-2009) қызметтерін атқарды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары; 2010 жылдан Тіл комитетінің төрағасы, ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды. 2013 жылғы қаңтардан бері ҚР Президенті баспасөз — хатшысының орынбасары болды.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button