Бауыржан Байбек көп балалы отбасыларға тұрғын үй көмегінің ерекше тәсілін ұсынды

20190213132807 e1550046145820 Жаңалықтар

Atr. kz / 13 – ақпан.    Көпбалалы отбасыларға баспананың алғашқы салымын субсидиялау керек. Бұл ұсынысты бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек айтты деп хабарлайды «ҚазАқпарат» .

20190213132807 e1550046145820

 «Аудан әкімдіктері мұқтаж отбасылармен кездесіп жатыр. Есепті кездесулерден маған мәліметтер, ұсыныстар түсіп жатыр. Айтылған мәселелерді талдау кезінде халық ішінде баспана мәселесінің өте өзекті екендігі белгілі болды. Тұрғындардың көпшілігінде жеңілдігі бар бағдарламаларға қатысу үшін бастапқы жарна сомасы жоқ болып шықты. Осыған байланысты 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға алғашқы салымды субсидиялау мүмкіндігін қарастырамыз», — деп нақтылады Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек .

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз