БАУЫРЖАН БАТЫР ТАҒЫЛЫМЫ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Бейбарыс селосындағы Чкалов атындағы орта мектепте Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған «Мен бір жан өмірінің өзі дастан» атты кеш өтті.

Оны 9 «б» сынып жетекшісі Айгүлім Жақсығалиева шәкірттерімен, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Қаламқас Орынбасарова және мектеп кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды.

Шара барысында оқушылар батырдың өмір жолымен танысып, нақыл сөздері мен өлеңдерін оқыды. Мектеп кітапханашылары Перизат Айыпқалиева Б.Момышұлының кітап көрмесіне шолу жасаса, Жайнагүл Кәкімқызы әдебиетке қосқан үлесі туралы айтты. Әсіресе, батырдың келіні, көрнекті жазушы Зейнеп апай Ахметованың атасын қалай құрметтегені, арадағы сыйластығы кейінгіге өнеге ретінде ұсынылды.

Кеш соңында патриоттық әндер шырқалып, Бауыржан атаға қатысты деректерден викториналық сауалдар қойылды.

Жангүл ЕСЕНИЯЗОВА,

Чкалов атындағы орта мектептің 9 «б» сынып оқушысы,

Махамбет ауданы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз