Жарнама
Жаңалықтар

Батырхан Шеруен –Халықаралық олимпиаданың жүлдегері

Елордада математика, физика және информатика бойынша XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы қатысты. Екі кезеңнен құралған білім додасы бес күнге созылды.


Аталған тартысты додада Атыраудағы NIS оқушысы Батырхан Шеруен жүлделі ІІ орынды иеленіп, күміс алқа қанжығалады. Бұл туралы аталған мектептің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 5 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алған болатын.

Қатысушылар арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия, Моңғолия және Қазақстанның озат оқушылары болды.

04a0ade6 1ef6 4f05 9033 eb3001f5505f

Қатысушылардың білімін қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев бастаған топ бағалады. Халықаралық қазылардың тапсырмалары жоғары стандарттарға негізделген.

Айта кетейік, олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастырды.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button