Басты мақсат – сәбилерді сауықтыру

  nkokmereke1«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы консорциумның демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы аясында Атырау облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап мереке ұйымдастырды.

   Компания мұндай шараларды жылма-жыл өткізіп келеді. Ол экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мәдени мұра, спорт салаларын қолдауға, сондай-ақ тұрмысы төмен жандарға көмек көрсетуге бағытталған.

–  Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі балалардың біздің мейіріміміз бен қамқорлығымызға мұқтаж екенін есімізге үнемі түсіріп отырады. Сондықтан да, бүлдіршіндердің мәселелеріне, әлеуметтік және рухани жағдайларына көңіл бөлу – біздің басты міндетіміз, – деді мерекелік шараны ашқан НКОК компаниясының қоғаммен қарым-қатынас орнату бөлімінің бастығы Жағыпар Егізбаев.

    Көңілді шараға барлығы 153 мүмкіндігі шектеулі бала қатысты. Мереке барысында қызықты ойындар, интерактивті сайыстар өткізіліп, ойыншықтар мен тәттілер табысталды.

Нұрислам МӘУЛЕНҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз