Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АТЫРАУДАҒЫ ГАЗ БАҒАСЫНА ТҮСІНІК БЕРДІ

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпаратына қарағанда, бүгінгі таңда  облыста 89 сұйытылған газ құю стансасы жұмыс жасап тұр. Оның 51-і облыс орталығында, қалғандары аудандарда орналасқан.

Басқарма басшысы Ерлан Назаровтың айтуынша, қазіргі уақытта Атырау қаласы мен Махамбет, Индер, Исатай және Мақат аудандарында сұйытылған газды 1 литрі 50 теңгеден сатылуда. Ал облыс орталығынан шалғай, 200 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Жылыой, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарындағы газдың тұтыну бағасы 55 теңге. Облыста сұйытылған газдың қоры жеткілікті, оның көлемі 2 700 тоннаны құрайды.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button