Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Басқарма басшылары коронавирусқа қарсы екпе алды

Бүгін № 1 қалалық емханада Атырау облыстық білім беру және спор басқармасының басшылары вакцина салдырды.

— Өзімді бір қалыпты сезініп отырмын. Ешқандай жанама әсер болмады. «Спутник V» вакцинасын алдым. Бұл жерде басты мақсат адамның денсаулығы. Педагогтар балалармен жұмыс жасайды. Оқушылардың денсаулығы біз үшін маңызды. Сол үшін де ұстаздар бірінші кезекте вакцина алу керек, – деді Атырау облыстық  білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Жалпы ақпан айынан бері, №1 қалалық емханада 5 299 тұрғын коронавирусқа қарсы екпенің I компонентін алған.— Емханада коронавирусқа қарсы вакцинациялау ақпаннан бері жүріп жатыр. Сол уақыттан, қазірге дейін 7 155 вакцина алдық. Соның 5000-ы салынды. Вакцинаны бірінші кезекте басты медицина қызметкерлері, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер, созылмалы аурулары бар науқастар алуы қажет. Бүгін міне, білім беру,спорт басқармасының басшыларына вакцина салдық. Негізінен вакцина қабылдауға ниетті тұрғындар саны артып келеді. Бізде 4 егу пункті бар. Біреуі емханада, біреуі  филиалда, «Тамаша» сауда орталығында және тағы бір жылжымалы бригада құрдық, – деді № 1 Атырау қалалық емханасының директоры Нарымбаева Асия Төлегенқызы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button