Баспана беретін банктер бекітілді

20171002130516 Жаңалықтар

Қазір «7-20-25» бағдарламасына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанкті қосу жұмыстары жүріп жатыр. Бағдарлама бойынша Центркредит банкі, Халық банкі, АТФБанк, Цесна Банк, Bank RBK, Forte Bank пен Еуразиялық банк өтінім қабылдайды.

20171002130516

Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, 18 қазандағы ақпарат бойынша «7-20-25» бағдарламасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінен 44,5 миллиард теңге сомасына өтініш келіп түскен. Банктер тарапынан 30,1 миллиард теңгеге өтініштер мақұлданды.
«Бағдарламаның серіктес-банктері: Центркредит банкі, Халық банкі, АТФБанк, Цесна Банк, Bank RBK, Forte Bank пен Еуразиялық банк. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанкті бағдарламаға қосу процесі жүргізіліп жатыр. Барлық банк белсенді жұмыс істеп жатыр. Өтінім қабылдауда ешқандай проблема жоқ» деді Алтынбеков сенатта «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бойынша өткен кездесуде. Оның айтуынша, тамыз айымен салыстырғанда қыркүйек айында көрсеткіш екі есеге өскен.
– Қазан айының көрсеткіштері оның алдындағы айдан жоғары болады деп күтілуде. Аймақтар бойынша айтсақ, бағдарлама Астана мен Алматы қалаларында, Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары қарқынмен іске асырылып жатыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде барлық ақпарат жедел таратылады, тәулік бойы колл-орталықтар жұмыс істейді. Сондай-ақ «Баспана7-20-25.kz» сайты бар. Онда кез келген азамат бағдарламаға қатысты мәлімет ала алады, — деді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз