Жарнама
Жаңалықтар

БАСПАНА – БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Шаһар басшысының қабылдауында болған тоғыз адамның төртеуі баспана мәселесін, тағы төртеуі жер телімін бөлу мәселесін көтерсе, енді біреуі жұмысқа орналасу жөніндегі өтінішпен келген.

Әр тұрғынның мұң-мұқтажын тыңдаған қала басшысы мәселе мүмкіндігінше, заңға сәйкес шешімін табатынын айтты. Нұрлыбек Жұмахметұлы қабылдауға келген әр азаматтың арызын мұқият тыңдап, шешілу жолдарын қарастырды.

Мәселен, қоғамдық қабылдауға алғашқы болып кірген Дина Дүйсешева есімді көп балалы ана отбасында 16 адам бола тұра, барлығы үш бөлмелі шағын үйде тұратынын, тексеру кезінде атағында үй болғандықтан тұрғын үй кезегінен шығарылғандығын айтты. Бұл мәселеге шаһар басшысы атүсті қарамай, сала қызметкерлеріне арнайы тапсырма беріп, істі бүге-шігесіне дейін тексеруді тапсырды. Осы секілді үй мәселесімен келген Қойсын Әжіғалиева есімді жалғызбасты ана қоғамдық қабылдаудан сүйінші хабар естіп шықты. Оған қала әкімі пәтер алу кезегінің келгендігін, кешікпей баспаналы болатынын айтып қуантты.

Мәлике МӘЛІКҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button