Жарнама
Жаңалықтар

БАСҚАРМАДА – ЖАҢА БАСШЫ

Әбдешев Баязи Мәдешұлы 1975 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосында дүниеге келген.

1992-1997 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің филология факультетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 1997-2000 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыған. Филология ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2000-2002 жылдар аралығында «Ана тілі» газетінің тілшісі және «Өлке» баспасының редакторы қызметінен бастаған.

2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкер,  қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, 2011 жылдан бері Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметінде болды.

2015 жылдың 31 желтоқсан айынан – Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

*   *   *

Ұжымға жаңа басшыны таныстырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев:

— Тіл мәселесі қазіргі қоғамда үлкен маңызға ие болып отырғаны белгілі. Сондықтан, осынау қоғамдық-саяси мәнге ие басқарма қызметіне сәттілік тілеймін, — деп, өңірдегі тіл саясатының дамуына білікті маман сүбелі үлес қосады деген сенімін білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button