Бас жүлде – «Атырауда»!
Atr.kz/4 маусым, 2019 жыл. Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз клубында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында болған шараға қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті мақалалар жариялаған жекелеген журналистер қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен 1 орынды облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Меңдібай Сүмесінов (суретте) жеңіп алып, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жүлделі екінші орын «Атырау» телеарнасының тілшісі Индира Мұкашеваға бұйырса, үшінші орынды осы телеарнаның редакторы Нұржан Өмірбаев пен оператор Ержан Шеруенов өзара бөлісті. Конкурстың барлық қатысушылары Алғыс хатпен марапатталды.
Гүлдана ЖАМБОЗОВА