
Бас мешітте құны 1 миллион теңге болатын азық-түлік пакеті 100 отбасыға таратылды
Atr.kz/18 наурыз, 2019 жыл. Орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Бір мезгілде жүз отбасыға азық-түлік таратылған ауқымды акцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы қатысып, мұқтаж жандарға өз қолымен азық-түлік пакетін тапсырды.
«Исламда мұқтаждың қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу қайырлы іс болып саналады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды» деп, мұқтаждың қажетін өтеуге үндеген» деп атап өтті Бас имам акция кезінде.

Аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жетім, жартылай жетім санатындағы мұқтаж жандар қамтылған акция кезінде 1 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды.




Дереккөз: islam-atyrau.kz