Жарнама
Жаңалықтар

Бас қолбасшыдан алты рет алғыс алған…

ҚазақстанныңХалықжазушысыӘбуСәрсенбаевтың «Жауынгермонологы» кітабындағыкейіпкер, ҰлыОтансоғысыныңардагері, ұлағаттыұстазҚұспанНұрпейісовтіңтуғанына 100 жылтолуынаорайоблыстықтарихиөлкетанумұражайында «Ерлігіменөміріөнеге» аттыескеалушарасыменкөрмеөткізілді.

Ол 1916 жылы 5 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Топайлы ауылында дүниеге келген. 1939-1941 жылдары Кеңес әскері қатарына шақыртылып, Белоруссияның Бобруйск қаласында әскери дайындықтан өткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасып, І Беларуссия және ІІІ Украина майдандарындағы 297-ші артиллерия полкінде зеңбірек командирі болды. Белоруссия және Украина жерлерін қорғауда  батырлығы үшін «Ерен ерлігі үшін» медалімен, Никополь қаласын азат етуде жаудың екі танкісін және немістің 50 офицері мен солдатын жоюдағы батылдығы мен ержүректігі үшін 1944 жылы ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталып, 1943-1945 жылдар аралығында бас қолбасшы И.Сталиннің бұйрығымен алты рет алғыс жарияланған.

Мәдени шараны мұражай басшысының ғылыми істер жөніндегі орынбасары К.Аймұханова ашты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ризуанов, әріптесі, Қазақстанның үздік мұғалімі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері А.Есқалиев, тарих ғылымдарының кандидаты, шәкірті Б.Нығыметов, туыстарынан Н.Есқалиева және медицина саласының ардагері М.Тұрдығұлова естелік әңгімелерін айтты.

Светлана НҰРПЕЙІСОВА,

Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button