Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Басқарманың атауы өзгереді

Алдыңғы жылмен салыстырғанда Атырау облысында жіті ішек ауруымен науқастанғандардың саны 11,7 пайызға артқан. Бұл ауру түріне шалдыққандардың 90 пайызы — 14 жасқа дейінгі балалар. Оның негізгі үлесін 1-2 жастағы сәбилер құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ Зинуллин айтты.

Бас__арманы__ атауы __згеред¦

Оның айтуынша, 2015 жылы аймақта жұқпалы аурулардың алты түрі бойынша тұрғындардың ауыру деңгейі төмендесе, бес түрі бойынша жоғарылаған.

— Аталмыш дертпен аурушаңдықтың өсуі балаларды күтуде, тамақтандыруда кеткен кемшіліктердің салдарынан деп санаймыз. Сондай-ақ, өсім бойынша екінші орында тұрған бруцеллез ауруын айта кеткен жөн. Ол 2015 жылмен салыстырғанда өткен жылы екі есеге артып, облыста бруцеллез ауруымен 55 адам тіркелді, — деді Өмірзақ Зейноллаұлы.

Облыс аумағында өткен жылда аса қауіпті карантиндік инфекциялар, полиомиелит, көкжөтел, қызамық, сіреспе, эпидемиялық паротит, қырылдауық, іш сүзегі секілді жұқпалы аурулар, қоғамдық тамақтану орындарымен байланысты топтық тамақтан улану фактілері тіркелмеген. Азайған аурулардың тізімінде дизентерия, менингококк жұқпасы, қызылша ауруы, тұмау, тыныс жолдары туберкулезі бар.

— Бұл аурулардың өсуіне байланысты облыста егу жұмыстары ұйымдастырылып, соның нәтижесінде аурушаңдықты тоқтатуға қол жеткіздік. Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қазаны мен 21 желтоқсаны аралығында 65 мыңнан астам адам екпемен қамтылды. Бұл өңір халқының 11,1 пайызын құрайды, — деп атап өтті департамент басшысы.

Өткен жылы ерекше тәртіп бойынша 72 су тазарту қондыр-ғысының 52-сі тексерілді. Жоспарлы зертханалық бақылауға 254 ауыз су сынамасы алынып, олардың 27,8 пайызы бактериологиялық және 11,8 пайызы химиялық көрсеткіштері бо-йынша гигиеналық нормативтерге сәйкес болмады. Ауыз су сапасының төмендеуі су тазарту қондырғыларында залалсыздандыру құрылғыларының істен шығуынан, залалсыздандырудың жүйелі жүргізілмеуінен, сүзгілердің ауыстырылмауынан, уақытылы маусымдық жуу-дезинфекциялау жұмыстарының орындалмауынан    болған. Қазіргі таңда бұл жағдай реттелді.

Судың құрамындағы химиялық сәйкессіздік Индер, Махамбет,  Құрманғазы аудандарында анықталып отыр.

Брифингте білгеніміздей, фтордың су құрамындағы қосындысы 0,7-ден 1,5 мг-ге дейін болуы керек. Бірақ, Атырау өңірінің топырағында, суда фтор бұрыннан аз. Суға жасанды түрде фтор қосуды қазір бүкіл әлемде қолдамай отыр. Бір кездері қолдан фтор салынғанымен, қазір қоспаны қосуға мүлде болмайтын көрінеді. Сол себепті тек тіс тазалайтын пасталар мен дәріханалардағы фтор қоспаларын пайдалану арқылы судың құрамындағы фтор қоспасының жетіспеушілігін толықтыруға болады.

Айтпақшы, Атырау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері мен басқармаларының атауы алдағы күндері «қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы» болып өзгертілетін болады. Оның құзыретіне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудан бөлек, ендігі кезекте медициналық қадағалау, денсаулық сақтау саласының кейбір тармақтары да енгізілмек.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button