Баршаға ортақ міндет
Балалар тәрбиесі, оқу бағдарламасына үштілділік саясатын енгізу, 12 жылдық білім беру моделіне көшу, бес күндік оқу аптасы, тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мәселелер Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ұйымдастырған «дөңгелек үстелде» әңгіме арқауына айналды.
«Шәкірттер мен ұстаздар қауымына тиісті жағдай жасау үшін жыл сайын мемлекеттен мектептердің материалдық базасын нығайтуға қыруар қаржы бөлінеді. Түрлі реформалар да жасалып жатыр» — деген партияның облыстық ұйымының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев ұстаздар жалақысының аздығы мен осы салаға басшылық ететін министрлердің жиі ауысатындығын, соның салдарынан көптеген реформалардың аяқсыз қалатындығын айтты.
«Оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыс болуы керек. Олардың бір-бірімен тіл табысуы маңызды. Ата-аналардың да бала тәрбиесін мектепке ысырып қоймағаны жөн». Білім беру саласының ардагері Жайлы Өмірбекованың пікірі осыған саяды.
Жиын барысында оқулық мәселесі де қозғалды.
Рита Жайғалиқызы