Баршаға ортақ міндет
Әділет департаментінде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарының ережелері қатаң сақталады.
Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау «Қазтест» жүйесінен өткізілді. Сондай-ақ, департаментте Әділет министрлігі жанындағы терминологиялық секция отырыстарының жұмысы атқарылып, облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, газет тілшілерінен құралған топ мүшелері тәжірибе барысында қолдануға қиын, аудармасы түсініксіз сөздер мен атауларды, терминдерді талқылап, Әділет министрлігіне жолдап отырады.
Сондай-ақ, қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін арттыруға, лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға барлығымыз бір кісідей атсалысқанда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізетініміз күмәнсіз.
Аслан КӘРІМОВ,
Әділет департаменті басшысының орынбасары.