Барлық аудандарда «Жас Отан» ЖҚ конференциясы өтіп жатыр (ФОТО)
Бүгін Махамбет ауданында «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының конференциясы болып өтті.
Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде өткізілген шараға Махамбет ауданы әкімі орынбасары Мардан Сейтқалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Сәменов, «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы төрағасы Ринат Гилажев, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, ауданның белсенді «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, жоғары сынып оқушылары қатысты.
Конференцияда негізінен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттер талқыға салынды. Бұған қоса «Жас Отан» ЖҚ Махамбет аудандық бөлімшесінің 2017 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы айтылды. 20-шы қыркүйек күні өтетін облыстық конференцияға делегаттарды сайлау және аудандық «Жас Отан» ЖҚ — ның Кеңес құрамын бекіту мәселелері қаралып, ұсыныс, пікірлер ортаға салынды.
Баян СҮЙЕУОВА.