Құрбан айт туралы Бас Мүфти: Санитарлық нормаларды сақтай отырып, 10 минуттық намаз оқылады

scale 1200 Жаңалықтар

Құрбан айт намазының қалай өтетіні туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеме жасады.

«Құрбан айт 20 шілдеде басталады. Бүкіл мұсылман әлемі үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі біздің елімізде 20, 21 және 22 шілдеде өткізіледі. 20 шілдеде республика аумағында сағат 7.00-де «сары», «жасыл» аймақтарда қатаң санитарлық норма талаптары сақтала отырып, 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады»,-деді мүфти бейсенбі күні ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, «қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

«Осыған байланысты ҚМДБ – ның Құрбан айт намазын өткізу жөніндегі имамдар Бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп арнайы брифингтер өткізеді. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, айт намазы аяқталғаннан кейін мешіттердің ауласында қалмауды сұраймыз»,-деп қорытындылады Наурызбай қажы Тағанұлы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз