COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Барлығы 1591: Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 76 адамға жетті

Аtr.kz/18 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысында бүгін таңмен Covid-19 жұқтырған тағы төрт адам тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Ауырған жергілікті төрт тұрғын да Covid-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. Олардың төртеуі де ер адамдар. Науқастардың жас шамаларында аса айырмашылық жоқ.

Екеуі 1980, 1983 жылы туғандар және 1990 жылы туған екі ер адам да бар.

Дертке шалдыққандар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем тағайындалды. Қазіргі уақытта ауру ошақтары оқшауланып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Еске сала кетелік, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 76-ға жетті, 16 адам жазылып шықты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button