Бәрінен бұрын тұрғындар тілегі маңызды (+ФОТО)
«Nur Otan» партиясының сайлауалды «Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда. Жетекші партия атынан Атырау облыстық мәслихатына ұсынылған кандидаттардың бір тобы бекітілген кестеге сай бүгін аталған акцияны өткізді. Солардың бірі – Әсел Жолмұханова.
Мұнайшы мөлтек ауданының 10 үйін аралаған кандидат тұрғындармен жүздесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы, оның аясында атқарылар жұмыстар туралы айтып өтті.
10 қаңтарға белгіленген сайлау науқанына қатысып, дауыс берудің маңыздылығын атап өткен Әсел Бауыржанқызы тұрғындардың тілек, ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, «Nur Otan» партиясының басты ұстанымы ашықтық» екенін жеткізді. Жолданған сауалдарға жауап беріп, көтерілген мәселелердің өзектілігін ескерді.
Акция аясында партияның бастамасымен алға қарай ілгерілеудің басты тетіктері көрсетілген және «Қазақстанның жеті жетістігі» туралы парақшалар таратылып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Үгіт-насихат шарасының аясында қамтылған тұрғындар да кандидат жұмысына сәттілік тілеп, өз тараптарынан партия бастамаларын қолдайтындарын жеткізді.
Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстары басталғалы бері кандидат тарапынан ұйымдастырылған «Есіктен-есікке» акциясы аясында облыс тұрғындары кеңінен қамтылуда. Нұрсаядағы «Самал» мөлтекауданындағы 250 пәтерге барса, Дамбы селолық округіндегі шаралармен қоса, Махамбет ауданына сапар барысында жалпы саны 300-ге жуық сайлаушымен кездесу ұйымдастырылған.
«Басты мақсатымыз — «Nur Otan» партиясының ұстанымдарын жеткізіп, тұрғындар тілегіне назар аудару. Әсіресе, Махамбет ауданына сапар барысында Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің батасын алып, сайлаушылармен кездестік. Аға буын өкілдері бірауыздан «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар кестеге сай, әлі де жалғаса береді» дейді Әсел Бауыржанқызы Жолмұханова.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді